Елбасы мақаласында бірлік идеясына аса мән берілген

0

Бірлік идеясына үлес

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемі­нің лидері. Ол – дана көшбасшы ғана емес, халықаралық арена­дағы сыйлы саясаткер. Жаһандық мәселелерді шешуге араласып, бүгінгі тарихтың толқынында өз ізін қалыптас­тырған бітімгер. Мақаласындағы түркі әлемінің келешегіне байланысты жоспары 300 миллион өкілі бар түркі хал­қының «Тілде, пікірде, істе – бірлік» идеясына елеулі үлес қос­пақ. Қазақстан Президентін түр­кі халқы­ның және мұсыл­ман қауы­мы­ның өкілі ретінде құрметтеймін.

Нұрсұлтан Назарбаев мақа­­ла­сында Википедияның үлгі­сінде Түркі халықтарына ортақ туын­ды­лардың бірыңғай онлайн кітап­ханасын ашудың маңызды­лығын атап өтті. Бұл жобаға Қазақстан жетекшілік ете алатынын да сөз етті. Сонымен қатар Түркістанды облыс орталығы етіп, аймақты дамыту арқылы оның халықара­лық аренадағы беделін арттыраты­нын айтып өткен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ежелгі астанасы тек қазақтардың рухани орта­лығы ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын саналатынын еске салды. Назарбаев мырза Қазақстанның күллі түркі халықтарының тал­бесігі екенін, олардың Жер шарының әр түкпіріне дәл осы топырақтан тарағанын айтты. 

Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұсыныл­ған «Түркі өркениеті: түп-тамыры­нан қазіргі заманға дейін» атты жо­ба аясында 2019 жылы Ас­тана­да Түркологтардың дүние­жүзі­лік кон­гресі және әлем му­зей­леріне ежел­гі түр­кі жәді­герлері қойы­ла­тын Түркі халықтарының мәдени күн­дері өтеді. Бұлар түркі әлемінің бір­лігі мен бейбітшілігін одан әрі да­мыта түсетін бастамалар екені сөзсіз. 

Ялчын ТОПЧУ,

Түркия Президентінің Бас кеңесшісі

Түгел түркінің мүддесін көздеген мақала

Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаев­тың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып шығып, шынымды айтар болсам авторына ризашылығымды білдір­генше тағат таппадым. 

Алдымен 2011 жылы Н.Назарбаев­тан сұхбат алған­дағы біздің халықтарымыз ара­сын­дағы бауырластық қарым-қатынастар туралы қызық­ты әңгімесі ойыма оралды. Сон­дықтан да басы ашып көрсе­тілг­ен тарихи дәйектер тек қазақ халқы үшін ғана емес, оған қоса түрік өрке­ниетіне қатыстылығы дәлелдеуді қажет етпейтін әзербайжан халқы үшін де зор мақтаныш болып отыр. Өйткені түркі әлемінің бесігі болған Алтай тауларының тек қазақ­тардың ғана емес, күллі Еуразия халық­тарының тарихы үшін маңызы зор. Дәл осы жерде, біздің дәуіріміздің I мың­жылдығында біздің түрік әлемі пайда болды. Қазіргі уақытта сол көшпелі халықтар заманауи Еуропаның аумағын­дағы көптеген мемлекеттер­дің бастауында тұрғаны белгілі. Демек, осы тұрғыда түрік-қазақ халықтарының бүкіләлемдік даму мен өркениетке қосқан үлесі өлшеусіз деуге болады. 

Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің мақа­­ласында «Орасан зор кеңіс­тік­ті игере білген түркілер ұлан­ға­­йыр далада көшпелі және оты­­­рық­шы өркениеттің өзіндік өр­­не­гін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сау­­да­­ның орталығына айналған орта­ға­сырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты», деп атап өтті. 

Бүгінде Еуразияның ұлан-ғайыр даласында түркі әлемі бар екендігі белгілі. Түркіішілік экономикалық және мәдени байланыстар біздің әлемді әр­дайым нығайтып және бірік­тіріп келеді. Соңғы 20 жыл­да Түркияда, Қазақ­­­стан­да, Өзбек­станда, Қыр­ғыз елін­де, Әзер­байжанда түркі мемлек­ет­тері мен халық­тары­ның дос­тығы мен ынты­мағын арт­тыруға бағытталған съездер өтті. 

Ал 1991 жылдан бастап қо­ғамдық негізде түркі халық­тарының Дүниежүзілік Ассамб­леясы жұмыс істей бастады. 

Сондай-ақ 1992 жылдан бері түркі тілдес мемлекеттер бас­шыларының саммиті тұрақ­ты түрде өткізіліп келеді. 

Түркі халықтарының мәдени бай­ланыстары саласында мем­лекет­аралық ТҮРКСОЙ ұйы­мы жұмыс істейді. Оған қоса, түркі мемлекеттерінің Парламент­аралық Ассамблеясының сессиясы тоқтаусыз шақырылып келеді. Тіпті, бұл ұйымның ресми байрағы де бекітілген. 

2010 жылы Астанада түркі әлемін ғылыми негізде зерттеумен айналысатын Халық­аралық Түркі академиясы ашыл­­ды. Түркі әлемінде көптен бері Еуропадағы «Еуровидение» бай­­қауының баламасы іспетті «Turkvizyon» эстрадалық әндер байқауы өткізіліп келеді. 

2014 жылдың қыркүйек айын­да Қазан қаласында түркі жас­тарының фестивалі өтті. 

Міне, осындай мәдени байла­ныстар мен үдерістердің әсері­нен бірте-бірте аталған бір­лік­тің идеологиясы анықталып, қалып­тасуы мүмкін. 

Мен осы орайда, түркі әлемі­­нің өзінде «Түркі дүние­таны­мы» атауымен терең әрі кең ау­қым­ды идеологиялық негіздеме, көз­қа­растар жүйесі болуы қажет деп ойлаймын. Оның барлық қы­ры Нұрсұлтан Әбішұлының мақа­ла­сында анық көрініс тапты.

Түркі халықтарын бірікті­ретін жалпытүркілік дүние­таным діни, тіпті бір дін құн­ды­лықтарының негізінде қалып­таспауы керек, өйткені түркі әлемінде бірнеше конфессия шоғырланған – ислам, хрис­тиан, буддизм, иудаизм, сондай-ақ тәңіршілдік те бар. Оның үс­тіне халықтың көбі зайырлы өмір салтын ұстанатыны да белгілі. 

Мен Қазақстан Прези­денті­нің мақаласын өте маз­мұнды және пайдалы еңбек деп есептеймін. Өткеннің бай мұрасы, уақыт пен ұр­пақ ара­сын­дағы тарихи жа­рас­тықтар кез келген заманауи қоғам дамуы­ның рухани іргетасы болып саналады. 

Осынау жаһандану дәуі­рін­де, оның үстіне мемле­кет­­терді бөл­шектей бастаған халық­ара­лық кикілжіңдер күшейіп тұр­ған уақытта ұлттық негізіңді сақ­тап қалу тек Қазақстанның тір­ші­лігі үшін ғана емес, барша түр­кі әлемі үшін де маңызды бо­лып отыр. Сондықтан да бүгін­гі әлемде тек қоғамдық сана­ны ғана емес, тарихи сананы жаң­ғырт­пай тұрып, тиімді ынтымақ­тас­тықты өркендету жолындағы кедергілерді жою мүмкін емес. 

Ал әлеуметтік тұрғыда Пре­зи­­денттің мақаласы жаңа идео­логияға тарихи негіз болуы да мүмкін. Бүгінгі заманауи ғылы­ми көзқараспен қарасақ, «біз кімбіз?» деген мәң­­гі­лік сауал­ға орнықты дәйек­тер арқы­лы еш қиналыс­сыз жауап табуға болады. Мақа­ладағы жауап – орнықты. Өйткені өткенімізді еске алма­сақ, болашағымыз – бұ­лың­ғыр! Мақала авторы – Қазақ­­стан Республикасының През­и­дентіне үлкен рахмет!

Фаик ГУСИЕВ,

«Әзербайжан телевизия және радио хабарларын тарату» ЖАҚ ақпараттық бағдарламалар студиясының бас директоры