Өлең: Мағжан Жұмабаев (Сағат)
«Шық-шық!» деп соғып тұр
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат!
Сорлы адам туғанда,
Сұм жалған көңілі шат.
Көз ашып тұрғанда,
Көрінер оған жат.
«Шық-шық!»- деп жүз шытар,
Есіктен кірместен.
Сорлы адам тез жытар,
Дән рақат көрместен.
Мінекей, бұйырып тұр
Бұл сағат деп: «Шық-шық!»
…мойның бұр,
Сен де шық, сөзін ұқ