Ерлан Қошанов жаңа қызметке тағайындалды
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2017 жылдың наурызынан бері Қарағанды облысы әкімі қызметін атқарған Ерлан Қошанов жаңа лауазымға ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановты қызметінен босатып, басқа лауазымға тағайындады. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
«Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», — делінген жарлық мәтінінде.
sputniknews.kz