Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апаттың мән-жайы белгілі болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Соқтығысқаннан кейін көліктердің бірі өртене бастаған, салдарынан жүргізуші мен оның әйелі, ұлы және немересі қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Әйтеке би ауданы Белқопа ауылына жақын маңда дүйсенбі күні таңға жуық жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

03.45-те Mazda Cronos көлігі Қарабұтақ ауылынан Ақтөбеге қарай кетіп бара жатқан, «Самара-Шымкент» жолының 934-ші километрінде жүргізуші қарсы беттегі қозғалыс жолағына өтіп кетіп, Opel Vectra көлігімен соқтығысты.

Қатты соққыдан Mazda көлігінің газ баллон агрегаты жарылған. Жүргізуші, оның әйелі, ұлы және немересі көлік ішіндегі өрттен қаза болды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам көз жұмды

Сондай-ақ Opel Vectra жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның әйелі мен ұлы оқиға орнында көз жұмған.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша (Жүргізушілердің жол жүру немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан екі немесе одан да көп тұлғаның қаза болуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz