Де ла Хойя GGG – «Канело» үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады
Қысқа сілтеме алу
Алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жеткен болатын
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Головкин келесі жылы біздің қарсыластарымыздың бірі болады. Ол солай болуы керек! Адамдар оны көргісі келетіні анық. Әлем бұл жекпе-жекті қалайды және Головкин де бұған лайық», — деді Де ла Хойя.
Үшінші жекпе-жекке букмекерлік кеңселердің бірі мынадай коэффициент ұсынып отыр: Альварестің жеңісі — 1.7, Головкиннің жеңісі — 2.15, тең нәтиже — 25.
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жетті.
sputniknews.kz