Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Біткен істің міні жоқ)
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ,
Тура ажалдың емі жоқ.
Арқада жатқан ақ киік
Атып алып, етін жеп,
Ішіп қандым сорпасын.
Сапырулы сары балдан,
Еш те бір жерде кемі жоқ.
Жасыл ала үйрек, қоңыр қаз
Жайқай ұшқан көлде жоқ.
Тар қолтықтан оқ тисе,
Тарыққанда қайрылар,
Қарындасым менде жоқ.
Балдағы алтын ақ болат,
Салайын десем қын да жоқ.
Қанатынан қайрылып,
Ит алған қуда сын да жоқ