Курстық жұмыс: Экономика | Каспийдің экологиялық мәселелері
Мазмұны
I.Кіріспе —————————————————————3
II.Негізгі бөлім:
1.Каспий экологиясы ————————————————5
2.Каспийдің химиялық,органикалық заттармен ластануы —9
3.Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу
жолдары —————————————————————12
III.Қорытынды —————————————————14
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі —————————15…..
Каспий экологиясы
Каспий теңізінде мұнай–газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің жыл–қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5-1 м–ге дейін ауытқып отырады. 1837-1990 жылдарда жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980-1990 жылдар аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 — 1941 жылдары су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолют мөлшеріне -29,01 м жетті. 1978–1995 жылдары су деңгейі -26,66 м болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы–климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12 %0 . Каспий теңізінің морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің Қазақстандық бөлігі– солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында.Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және тағы басқалар бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км2.Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы–жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды.Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар -1069 , омыртқалылар –415, паразит жануарлар — 325) тіршілік етеді. Теңіздің фаунасын негізін эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50 %-і ) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 миллион тонна болса, оның 40% Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90%-і осында ауланады.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты Каспий теңізіне 75 миллион тонна балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 миллион бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұщы суға шығады. Мысалы: шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10-11 %0), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, тағы басқа бар. Ал Каспий итбалығы-тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жыл 1 миллионнан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған. Итбалықтың -27 мыңы, 1990 жылы -13,8 мыңы, 1996 жылы 8 мыңы ауланған. 2000 жылы сәуір-тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды.
Каспий итбалығының жаппай қырылуы-Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі.
Соның ішінде, 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6- түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктернің 728 түрі өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп , бірде тартылуы жердің табиғи – тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 % -ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий теңізінің экожүесіне батыл араласуы еді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 % , ал Теректен 60 % -ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суының азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3 –ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұз аралас шаң – тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден–бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай — газ кешені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жеті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екендігі дәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар.Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уыылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 % — ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Каспий мұнайлы–газды аймағы–Атырау, Батыс Қазақстан, ішінара Ақтөбе облыстарының жерінде орналасқан мұнай, газ, кен орындары шоғырланған аймақ. Ерте палеозойға дейінгі даму сатысында тектоникалық төмендеуіне байланысты қалың шөгінділердің жиылуына шалынған Шығыс Еуропа платформасының құрамдас оңтүстік – шығыс бөлігі. Геофизикалық деректер бойынша кембрийге дейінгі іргетастың тереңдігі 20 км – дан асады. Стратигиралық қимада жаппай дамыған кунгур ярусының тұзды қабаттары бүкіл қиманы екі бөлікке бөледі: жоғарғы бөлік (мезозой–кайнозойлық тұз үстіндегі терригендік шөгінділер) және төменгі бөлік (тұз астындағы палеозойлық карбонатты-терригендік шөгінділер) . Аймақтың жоғары мұнайлы – газдық әлеуеті көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастылары: шөгінді қабаттардың орасан зор қалыңдығы және ондағы жыныстардың түзілу тегінің теңіздік болуы; шөгінді шоғырлануының жоғарғы дәрежедегі көлемдік жылдамдығы әрбір миллион жылда –15000 км 3; тұз үсті және тұз асты шөгінділеріндегі органикалық заттың молдығы; стратигиралық қимада мұнай мен газ түзуші жыныстардың жақсы дамығандығы, тағы басқа 2000 жылға дейін Каспий мұнайлы –газды аймағындағы 3 әкімшілік облыстың аумағында 120 мұнай , мұнай – газ , мұнай – газ – конденсат кендері ашылды.
Каспийдің химиялық, органикалық заттармен ластануы.
Табиғатта кездейсоқ ештеңе болмайтыны баршамызға аян: көктегі не жердегі, жақсысы не жаманы бар бүкіл құбылыстар, қыбырлаған жан-жануар, жәндіктер, қалыптасқан пайдалы қазбалар, шипалы тұздар мен бұлақтар, сылдырап аққан өзен мен тұнжырап жатқан көлдер, әр ағаш пен бұта-бұта шөптесіндер бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты, тәуелді және бір-біріне тікелей әсер етеді; сондықтан да Иоганн Гетенің «табиғатта бәрі де тығыз ұштасып жатады, табиғи ұлы күштің әсерімен ғана дамуда, жаратылған бағыттан ауытқу болмайды, табиғи заңдылықты бұра тарту, өз пайдасына күшпен өзгерту тек адамдардың ған пендешілігінен туындайды» деген пәлсафалық тұжырымында қаншама ақиқат жатқаны баршаға аян.
Каспий теңізінің деңгейі жылма-жыл көтеріліп, қалыпты тепе-теңдікке қауіп төне түскендей. Ұзақ жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптардан сақтауға жете назар аударылмай келгені мәлім. 1998 жылы ауаға ұшқан зиянды заттар мен керосиннің мөлшері 22,3 мың тоннаға өскені немесе 1980 жылғыға қарағанда 33,9 % -ға көбейгені осының айқын дәлелі бола алады. 1998 жылғы дерек бойынша облыстың ауа кеңістігіне, су айдындарына және топырақ бетіне тасталатын өндірістік заттарды жан басына шаққанда әр жан басына 404 кг улы-зиянды заттардан келді; әр тонна топыраққа 4 кг-нан қорғасын мен хром қосындылары тасталады екен. Саралап көрсетсек, аталмыш зиянды заттардың 7%-ы мұнай өңдеу, 53%-ы «Теңізшевройл» бірлестігі, 28 % -ы «Ембімұнай» және Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестіктерінің үлесіне тиеді, яғни өнім өндіру көлемі ұлғайған сайын бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ, су топырақ беті және ауаның ластануы жеделдей түсуде. Зиянды заттарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстардың деңгейі жағынан облыс республикадағы ең соңғы орындардың бірін иеленеді. Кәсіпорындарда тозаң мен газ ұстағыш жабдықтар жетіспейді, шикізат пен қалдықтарды ұтымды пайдалану тәсілі кешенді қолданылмай келеді. Каспий теңізі жағалауында экологиялық ахуал жылдан-жылға қиындай түсуде. Қарашығанақ пен Теңіз мұнай кен орындарында зиянды заттар шамадан тыс және олар бірден ауаға, суға, және топырақ бетіне тасталуда; теңіздің деңгей жыл сайын көтеріліп, 20-30 км төңіректі су басуда не сумен батпақтануда. Мұнай кәсіпшіліктерін ауық-ауық су басып кетіп, оның төңірегі шайылып теңізге қосылып, айдынның күрт ластануына әкеп соқтыруда. Химия зауытынан қалдық суларының қосылуы салдарынан теңіздің фенолмен ластану мөлшері әдеттегіден 9 есе жоғарылағаны байқалады. Мұнай және мұнай өнімдерімен неғұрлым көбірек ластанған сайын адам организміне де, малға да зиянды заттардың көбею қаупі туып отыр.
Каспийдің шамадан тыс ластануы бекіре тектес балықтардың жаппай ауруын, улы заттар балықтардың ет белогының ыдырап бүлінуінен, азуын тудырады, бауырдың қоректенуін нашарлатады, белок қабығын бүлдіріп, уылдырық қабығын әлсіретеді. Соңғы байқау нәтижелері балықтардың бұлшық ет ыдырауына шалдығуы – 100 % , уылдырық қабығының әлсіреуі 30% екені байқатты. Оның үстіне балық орындарын жаңарту, толықтыру және балық аулау айдындарын мелиорациялау жұмыстары да тым баяу жүргізілуде. 1999 жылы басталған Каспийдің солтүстігінде орналасқан Шығыс Қашағандағы бұрғылау жұмыстарының теңіз балықтарына, итбалыққа, жан-жануарларға, құстарға, өсімдіктерге зиян келтіретіні сөзсіз. Су жинау құрылыстарын қажетті балық қорғау қондырғыларымен жабдықтау ісі де өте-мөте қанағаттанғысыз жүргізілуде. Қорыта айтқанда, облыстың жануарлар дүниесі жаппай антропогендік қысым көруде. Сөйтіп, көптеген түрлердің күрт азаюы, олардың туған – мекендеген жерлерін тастап, басқа жаққа ауып кетуі көбейіп отыр.
Атмосфераның ластануына мұнай– газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы: 1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың тонна газ тәрізді заттар, 2,3 мыңтонна қатты заттар шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық заттармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 миллион 3 газ ауада жанады. Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий аймағының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың гектар алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 миллион тоннадан асады. Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғарғы концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкеледі. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге , сондай – ақ су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы: 1990 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500–600 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі – ыдырымайтын ауыр металдар (мыс, мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л, ал баийдікі – 50 мкг/л. Каспий теңізі аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Сөйтіп, Каспий теңізі мен оның жағалауы, Қазақстан үшін тек қала мұнайдолларының көзі емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы. Бұл мәселелерді геоақпараттық технологияларының кешенді анализінсіз және дистанциндты зондтау әдістерімен жаппай бақылаусыз шешу мүмкін емес.
Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу жолдары.
Геоақпараттық жүйелерді аумақтық мәселелрді шешу үшін қолдану адамның өмір сүру ортасы ретінде, көптеген жаратылыстанушылармен зерттелген, территория туралы ғылым, классикалық ғылымдарға қарағанда ертерек пайда болған.Бірақ, қазіргі адамзаттық техникалық дамуы қоршаған ортамен араздыққа …..