Алматыда тәжікстандық 7 азамат жарылыс жасамақ болған — Қазақстан жаңалықтары
Тәжікстанның жеті азаматы Қазақстанда террористік ұйым құрып, оған қатысып, лаңкестік шабуылға дайындалды деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарланғандай, сонымен қатар тәжікстандық 7 азамат террористік топтың құрамында жарылғыш зат дайындап, атыс қарулары, қару-жарақ, жарылғыш құралдарды заңсыз сақтап, алып жүрді деп мойындалды.
Қылмыстық ұйымның басшысы Косимджон Гиесов ҚР Қылмыстық кодексінің 6 бабы бойынша айыпталып, қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Абдухалим Давлатов Қылмыстық кодекстің 5 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Парвиз Туйчиев, Султони Аминзода, Шарифали Сафаров, Сафиюлло Косимов ҚР ҚК 6 бабы бойынша сотталып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Нематуло Нематов Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
Террористік ұйымның басқарушысынан басқаларының бәрі жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады.
Тәжікстан азаматтары жазасын өтеген бойда Қазақстан аумағынан шығарылады. Оларға ел аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салынады.
Сот хабарламасына сәйкес, сотталушылар ауғанстандық жетекші «Шахмадтың» басшылығымен әрекет еткен.
Олар өткен жылдың желтоқсан айынан биылғы жылдың қаңтарына дейін Алматыда жарылыстар ұйымдастырмақ болған. Жекелей алғанда, лаңкестердің жоспары бойынша, Ивер-Серафим монастырі мен «АТФ Банкінің» Мәметов көшесіндегі ғимаратында жарылыс болуы керек болған. Олар осы мақсатта жарылғыш заттар жасапты.
Ер адамдар тұрған пәтерден тапанша, граната, аңшылық қару мен қолдан жасалатын бомбаның бөлшектері табылған.
stan.kz