Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Дәл осы көзім көрген қыздың жайы)

0

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Дәл осы көзім көрген қыздың жайы) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Дәл осы көзім көрген қыздың жайы) на казахском языке

Дәл осы көзім көрген қыздың жайы
Жігіттің жібек арқан еркетайы.
Күлімдеп қара көзден сәуле түссе,
Секілді жер құлпыртқан көкек айы.

Бұл жазған мақтау емес, жаным саған,
Он есе артық көріндің одан маған.
«Өмірде бар қызықты бірге көрсек»
Дейтұғын көңілімде бар бір арман.

Сол ойды көрсетпекпін бетін ашып,
Әдепті сүю жеңіп, кетті асып.
Өзімсініп өзгеден қызғанамын,
Ала бұртқан жастықпен көңілім тасып.

Осыған не айтар екені сүйген сәулем?
Мендей о да сүйер деп көңілім сенген.
Еркіңді басқа біреу билеп кетсе,
Болам да қарттың бірі көңлі сөнген.

Шын айтқан ақ жүректен ағытпа сөз.
Ой талғап, жүрек таңдап, танытқан кез.
Жас көңіл асығады жай тапқанша,
Жетсе екен мендік болған қуаныш тез.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!