Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізіп, рэкетпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті арнайы операция кезінде этникалық қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар көп уақыттан бері бизнесмендерді қорқытып, ақша мен мүлік бопсалап келген. 

Нұр-Сұлтанда рэкетпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

«10 қыркүйекте елордада арнайы операция өткізіліп, қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден ойдан шығарылған қарызын қайтару үшін «Toyota» автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталды», — делінген ресми хабарламада.

Нұр-Сұлтанда рэкетпен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Топ мүшелерін ұстау кезінде 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша тәркіленді.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



sputniknews.kz