Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Есім сөз тіркесі
Мазмұны
І Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі, зерттелудің нысанасы, мақсаты мен міндеті
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сөз тіркесінің түрлері, топтастыруы
2.2. Есім сөз тіркесі
2.3. Есім сөз тіркесінің синонимі
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын — грамматикалық единицалар — тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек — бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де «табиғи» жұмсалу «айналасы», өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.
Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның, бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бүрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын үқсастықтары болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем әдебиетте — Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді — сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудын, керегі жоқ деуге бола ма? Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардын, арасына «сына қағып» екі айырып тастау керек екенін уағыздады.
Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудыд, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз — сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болаты» белгілі. Қалайда күрделі сөздерді және басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке де сез тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалса, олар — сөз тіркестеріне тән қасиеттерінен айырылып қалады деп те түсінбеу керек.
Тақырыптың өзектілігі: Сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын яғни, сөз сөз тіркесі дұрыс қолданып, сауаттылықтың айқын ойлылық пен ізеттіліктің өнегесін көрсету.
Зерттеу нысанасы: Есім сөз тіркесінің синонимінің нысанасы.
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердін, өзара мүшелік қарым-қатынасына қарай, сөз тіркесін «предикативті» және «предикативті емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан «толықтауыштық», «анықтауыштық» және «пысықтауыштық» сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін «сөйлем мүшелерінің тіркесі» деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл — бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сейлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен-бірі тіркесу нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.
Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек.
түрі
Есімді сөз тіркесі
ереже Басыңқы сыңары сөзден болған сөз тіркесі
мысал бағыңқы сөз басыңқы сөз
жаңа киім
айтуға құмар
оқуға ыңғайлы
түрі
Етістікті сөз тіркесі
ереже Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі
мысал бағыңқы сөз басыңқы сөз
жел соқты
соғыс аяқталды
үйге келген
Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі — сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі — олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердін, өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сықар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек-сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).
Сөздің тіркесу қабілетіне қарай
Байланысу
формасына
қарай
Қ
Қ а б ы с у — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар түру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі; оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, үстеу болады да, басыңқы сынары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т. б.
Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, т. б.
Сан есім: үш кісі, мың қой, ойыншы мектеп, т. б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т. б.
Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сезім, келетін бала, айтатын сөз, т. б.
Үстеу: бұгін бала, ертең оқытушы
Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:
Сын есім мен жібек орамал
Зат есім мен зат есім: балалы үй
Сан есім мен алтыншы арба
Есімше мен орындалған арман
зат есім:
Сілтеу есімдігі мен мына қала.
Үстеу — бүгін студент.
Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі — зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол, т. б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады: қамыс құлақ ат, ботпа тірсек ат, темір қанат балапан.
Осы тәрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көз бала, шоқпар темір таяқ.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай байланысқанда, әрбір анықтауыштық тіркес фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.
Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім өне бермейді. Оған озара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мысалы: сағат қалта — қалта сағат, көз әйнек — әйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.
Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді:
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң айтылмайды, бір арқа отын дегенде оның алдында сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.
ә) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет, қалпында етістіктің аяғына -ым/-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есімдер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра алмайды, бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланыстан болады. Бұлай болу — барлық затқа бірдей шарт емес.
б) Салпаң, қалқан сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады:
Қалқан — қалқан құлақ бала,
салпы — салпы ерін ат,
бұлаң — бұлаң құйрық түлкі,
сылтық — сылтың аяқ түйе.
в) Бірқатар зат есімдер өзар тіркесу үшін олардың алдында келтпе, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал қарт.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол т. б.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы заттардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты.
Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс деген зат есім қораның алдында тұрып, қораның қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді. Сол сияқты:
тас үй — тастан салынған үй д. м. болса,
тас еден — тас төселген еден д. м.
тас балға — тасты сындыратын балға д. м.
тас көмір — тастай, тас сияқты көмір д. м.
күміс сағат — күмістен істелген сағат д. м. айтылса,
қол сағат — қолға тағатын сағат д. м.
электр сағат — электр күшімен жүретін сағат д. м.
құс төсек — құстың жүнінен жасалған төсек д. м.
Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны, бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланысты болады.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады
1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш).
2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұсалады: қамыс қүлаң — (ат) аттың құлағы қамыстай д. м.; пісте мұрын (қыз)— қыздың мұрны пістедей д. м; жібек жүн — жүні жібектей д. м.; құрыш білек — құрыштай қатты білек д. м.
Мысалы:
Қарақер қамыс құлағьш қайшылап, оқта-текте жерден басын алып, төңірекке едірейіп қарап қояды (Ғ. Сланов). Жібек жүнің желкілдеп, жайраңдайсың ақ лақ. Құрыш білек, болат дене, еңбек сүйген бала жастан (Ә. Сәрсенбаев). Құлаш мойын, кез құлақ бір бедеу ат, денсаулық — ер жігіттің сұрауы. (Ғ. Сланов.)
Сын есімді тіркестер
Сын есімдер — заттың әр түрлі сындық сапасын білдіретін сөздер. Солай болатындықтан олар зат есімдерге қатысты болып, зат есімдерден тіркесіп, есімді сөз тіркесінің кұрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметіне қарағанда, олар есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттық түсін (ақ қар, боз ат, көк шәп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл, үлкен қайрақ), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамнық, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел), тамақтын, д ә м і н (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттын, салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т. б. білдіреді.
Осындай әр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердід зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынып білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, пгілемсвк қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін асау апг, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал деп айту ерсі болады. Онын, себебі әрбір сын есімнін, білдіретін лексикалық мағынасы белгілі затқа (не заттарға) тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың, сапасы деп айтуға болады, Көркем әдебиетте ондай, белгілі ғана заттын, сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің, мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады (10-параграфты қараңыз).
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестіре беруге болады. Мысалы: ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден: ақ, кәк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше болып ұғынылады; екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдын,…..