Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды
Қысқа сілтеме алу
Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Алматы ауданы әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке компанияның директорынан пара алды деген күдікке ілінді.
«Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаны жеке компанияның директорынан алған», — делінген хабарламада.
Шенеунік мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, «қамқорлық» жасау үшін пара талап еткен.
Сондай-ақ жеке компания директорының шенеунікке пара берген-бермегені тексеріліп жатыр.
Тергеу жалғасуда. Күдіктілердің айыбын сот анықтайды.
sputniknews.kz