Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді: президент не туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынасының дамуына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті
НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған.
«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді», — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
Сондай-ақ Тоқаев Қытайдың 70 жылдық мерейтойына орай құттықтау жазып қалдырды.
«Ұлы Қытай Халық Республикасына үлкен табыстар тілеймін», — деп жазды президент.
sputniknews.kz