Қазгидромет 10 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жаңбыр, бұршақ жауады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Сейсенбі, 10 қыркүйекте Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы жаңбырлы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» мемлекеттік ауа райы қызметі.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді деп болжануда.

Тек батыста күн ашық.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауады, күн күркіреуі мүмкін, күндіз +15, түнде +8.

Алматыда да жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз + 16, түнде +11.

Шымкентте күн ашық, бірақ салқын болады – түнде +11, күндіз +21.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Қарағанды ​​облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, түнде Түркістан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп болжануда.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.



sputniknews.kz