үйінің маңында тапсырыспен өлтірілген кәсіпкердің өліміне қатысты тың дерек шықты
Қысқа сілтеме алу
Бизнесменнің серіктесі ортақ фирманың ақшасын өз пайдасына жаратып қойған
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті 7 қыркүйек күні ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу барысында анықталғандай, бизнесменді өлтіруге тапсырысты марқұмның серіктесі берген. Ол ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшерде ақша алып, оны өз пайдасына жаратып қойған.
Тағы оқыңыз: Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті
Қылмысқа тапсырыс беруші осы жылдың 25 шілдесінде ұсталды. Кінәсін толық мойындады. Қазір ол қамауда отыр.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетсек, қылмыс биыл 19 шілде күні Шымкенттегі Арай көшесінде жасалды. Түскі сағат 15.30 шамасында бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне белгісіз біреу оқ жаудырған.
sputniknews.kz