Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Пішенде)

0

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Пішенде) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Пішенде) на казахском языке

Шөп машина қалағы
Күн көзінде жалтылдап,
Түсті пішен орағы
Көк майсада жарқылдап.

Қос машина, қыз, жігіт
Қатар еді арасы:
Қалды жігіт мүдіріп
Ширек сағат шамасы.

Винттің бірі жоқ мүлде
Ал, көгалдан таба алшы!
Үш оралды қыз міне,
Қап, қырсықты қарашы!

Жақындады қыз дағы,
Онан сайын түсті иық:
— Ау, жігітім, жүр, кәні
Нағып жатсың шұқшиып?!

─ Винт жоқ, белдік темірге
Жалғасатын төстегі!
— Ойбой, тәйірі — ай, оның не,
Винтің сенің бос па еді!

─ Жә, менде бар біреуі
Сүйте ме екен ер кісі!..
Алыстады қыз енді,
Құлақта қап күлкісі…

Жетсем бір, деп, — тұсына
Бұл да шапшаң кетті алға.
Ал, қыз кездің ұшында
Бұлдырайды тек қана…

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!