Реферат: География | Жергілікті жердің гидронимі
Жергілікті жердің гидронимдерінің зерттелу тарихын – көне Бiлгеқаған, Күлтегiн, Туниқуқ, Күлi Чор, Мойун Чур, Онгин жазбаларының, Енисей ескерткiштерi – Уюк-Тарлақ, Уюк-Аржан, Барык жазбаларының, Талас өңiрiнен табылған Айыртам-ой ескерткiштерiнiң, Шу, Талас бойынан табылған басқа да шағын жазбалардың мәтiндерi (В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Қ.Сартқожаұлының оқылымдары мен аудармалары бойынша); И.А.Батманов, З.Б.Арагачи т.б. авторлардың «Современная и древняя Енисейка» (1962), «Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. Глоссарии. Указатель аффиксов» (1971), Д.Д.Васильевтiң «Корпус рунических памятников Енисея» (1983), «Древнетюрский словарь» (1969), Э.В.Севортянның «Этимологический словарь тюркских языков» (1974, Т.I; 1978, Т.II; 1980, Т.III, 1989, Т.IҮ), Л.З.Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» (1869, Т.1; 1871, Т.2.), В.Вербицкийдiң «Словарь алтайского и аладагского наречий тюркского языка» (1884, 2-басылымы, 2005), М.Қашқаридың «Девону луғат-ит түрк» (Муталибов, 1960, Т.1; 1961, Т.II; 1963, Т.III), Ә.Құрышжановтың «Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника ХIII в. “Тюркско-арабского словаря» (1970) еңбектерiндегi деректер; Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi, 10 томдық (1974, 1976, 1978, 1979, 1980, 1985, 1986), I.Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi» (1977), «Қазақ тiлiнiң диалектологиялық сөздiгi» (1996), сондай-ақ қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, құмық т.б. тiлдердің түсiндiрме, этимологиялық және топонимикалық, диалектологиялық және екi тiлдi сөздiктерiнен іздестіріп көруге болады.
Топонимика өз кезіңде түрлі даму жылдарды басынан кешірді.
1. Алғашқы кезең 1678-1820 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Ресей патшалығының саясатына байланысты басқа мақсаттарда құрылған экспедициялардың құпия жазулы көне мұраларға (топонимикалық атауларға) кездейсоқ тап келуімен ерекшеленеді.
2. Екінші кезең (1820-1893 жылдар) көне жазба мұраларды және топонимикалық атаулардың іздеп табу үшін жоспарлы түрде арнайы экспедициялардың ұйымдастырылуымен, Орхон, Енисей, Талас бойынан табылған құпия жазба ескерткіштердің біраз қоры жинақталып, ендігі кезекте олардың мұрагерлерін анықтау мәселесінің күн тәртібіне қойылуымен сипатталады.
3. Үшiншi кезең (1893-1945 жылдар) құпия жазулардың сыры ашылып, ондағы атаулардың шығу тегі анықталуымен, жазбаларды оқу-аудару ісінің алға басуымен, ескерткiштер тiлiндегi диалектiлiк ерекшелiктердiң айқындалуымен, көне түркі әліпбиінің шығу тегі жайлы үлкен пікірталас тууымен дараланады.
4. 1945-1991 жылдар аралығын қамтитын төртiншi кезең көне түркі жазба мұралары тілі бір жүйеге түсіріліп грамматикасының түзілуімен, қазiргi түркi тiлдерiмен, орта ғасыр түркiлерi тiлiмен салыстырмалы-тарихи сипатта кеңiнен зерттелуiмен ерекшеленеді.
5. Кеңестер Одағы құрамындағы түркі халықтарының егемендікке қол жеткізуі нәтижесінде көне түркі мұраларын зерттеуде жаңа бағыт-бағдар қалыптасты, саяси-идеологияға байланысты бұрмалаушылықтар мен кейбiр олқылықтарды тарихи ақиқат тұрғысынан зерделеу қолға алынды. Түркi рунологиясының зерттелуiне үлес қосқан ұлы тұлғалардың шығармашылық дәстүрiн түркi топырағында жалғастыруға талпыныстар жасалуда.
Қазақстандағы жергілікті жер гидронимдері
Балқаш – қазақ жеріндегі ірі көл. Кейбір зерттеушілер көлдің атауы ертеді «су» мағынасын берген «балық» сөзіне «-аш» жұрнағы қосылу арқылы деген тұжырымды ұсынады.
Балқаш көлінің атауы жөнінде ежелгі түркі жазба ескерткіштері сөздігінен «су» мағынасына ие боларлықтай «бал», «балық» дыбыстық құрамдағы тұлғаларды ұшырата алмады.
Көл атауы В.В. Радлов көрсеткендей, қазақ тіліне ертеден тән – «сазды төмпешіктері бар былқылдақ, батпақ» мағынасын беретін «балқаш» сөзімен байлвнысты тууы ықтимал. Оның ойынша телеуіт, құманды, алтай тілдерінің деректері анықтай түседі. Оларда: «палқаш» тұлғалы сөз «лай, балшық, тұнба» мағыналарында қолданылады. Егер осы деректерге сенсек «Балқаш көлі», «батпақты көл» дегенмен мағынасы сәйкес келеді.
Бұл болжамдарды көлдің табиғи жағдайы да шындыққа шығарғандай. Балқаш көлінің солтүстік шығыс жағалауы мен Іле өзенінің көлге құйыла беріс маңайы батпақты болып келсе, көлдің шығысы сортаң. Көл өз атауын осындай сипатына қарай иеленген.
Жайық – сөзінің төркіні жөнінде пікір жазғандар оны «жайылған», «жайылыңқы», «жайлану, жайласу» дегендермен туыстырады.
Іздестіре келгенде, біз бұл сөздің ежелден осы тұлғада қалыптасқанына көзіміз жеткендей. «Жайықпен» тұлғалас сөзді қазіргі кездегі Алтай төңірегін мекендеген халықтардың тілінен табамыз. Алтай, аладаг тілдерінде «йайык» қалпында айтылған сөз, қазақтар түсінігіндегі «су тасу, сел, тасқын» дегенмен сәйкес. Осы тілдерде оның «йайык-та» түрі «тасқын су басу» мағынасында қолданылады. «Тасқын» мағынасын беретін сөз чуваш тілінде өте ықшам қалыпта – «яю» болып өзгерістермен тува тілінде – «дажыг» түрінде кездеседі. Осы деректерге сүйене отырып, өзеннің «Жайық» аты оның тасыған кездегі көрінісіне байланысты берілген деп қорытынды шығаруға болады. В.В. Радлов сөздігінде де «йайыкта» сөзінің «тасқындау, толығу» мағыналарында көрінуі де қостай түседі.
Келес – Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Шардара аудандары арқылы ағатын өзен.
Көптеген ғалымдар бұл өзен атауын «көл» сөзіне -ес қосымшасының жалғануы арқылы аз-кем өзгеріске түсіп, «келес» қалпына жеткен деп дәлелдейді. Ал, В.В. Радлов «келес» атауын шағатай тілінде кесіртке деп түсіндіреді. Осы В.В. Радлов пікірімен тура келеді деп есептеген.
Ертіс – Қазақстанның шығыс облыстарында ағатын өзен аты.
Бұл өзен атауының шыққан тегі туралы түрлі-түрлі тұспалдар бар.
Біреулер оны «арту, асу» мағыналарын беретін түркі тілдеріндегі «артыш» сөзінен, екінші біреулер қазақ тіліндегі «иір» («ирелеңдеу» мағынасындағы) мен кет тілдерінде «су, өзен» мағынасын беретін «сес шеш» сөздерінің бірігуінен шыққан деген долбар деп айтады. Көрсетілген пікірлердің қай-қайсысына қосылуға болмайды.
М. Қашқари сөздігінен өзен атауын түркі тілдерінің өзіне тән «эртыш» сөзі кездескен. әрі оның берген мағынасы көңілге қонымды. Мысалы, хакас тіліндегі «иртіс» дыбыс құрамындағы тұлға да қазақ тіліндегі «өту, кесіп өту» мағынасын меншіктенеді. Өзен атауына негіз болуға осы сөз лайықты деп санаймыз. Өйткені сонау Зайсан көлінің маңынан басталған өзен Обьқа барып қосылғанша талай ойды, қырды кесіп өтеді. Осы қасиетіне қарай, оны мекендеген түркі халықтары (қазақ, хақас т.б) ертеде «кесіп өту» мағынасын иеленген «эртіш» немесе «иртіс» сөзін атау еткен деуге болады.
Қаскелең – Алматы облысындағы өзен.
«Қаскелең» атауы туралы бұрынғы бір зерттеуші былай деп мәлімдейді: «Көне түрікше «қашқа» және «йелең» тұлғаларынан қалыптасқан атау. Этимологиясы: «тасқын су» мәндес атау». Бұдан әрі ешнәрсе айтылмаған.
Ал, В.В. Радлов сөздіктерінде түбірі «коско» – «тынышсыз» және «орнынан қозғалу», «төңкеріп тастау» ұғымдарының барлығын осы сөздігінде анықтап көрсеткен. Осы дұрыс пікір деп қарастырылуда.
Нарын – қазақ жеріндегі өзен.
Нарын жөнінде алғашқы жорамалдар мен тұжырысдамалар баршылық. Біреулер оны «көптікті» білдіретін тұлға немесе «тау, тау қыры» деп түсіндірсе, екінші бір автор оны бірде монғол тіліндегі «күн, күнгей» мағынасында қолданылатын «наран» немесе «жіңішке» ұғымын беретін тағы да монғол тіліндегі «нарийн»-мен туыстырады. Бірақ бұл қате пікір. Өйткені, «нарийн»-нің монғол тіліндегі төрт түрлі мағынасы бар:
1) жіңішке, нәзік
2) жинақты, ұқыпты
3) шебер, қу, айлакер
4) сараң, қатты
Сонымен Нарынның маығнасы көне түрік тілінде «күн, күнгей» деген мағынаны білдіреді. Соңғысы дұрыс пікір.
Талас – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Жамбыл облысында өзенмен аттас аудан бар.
Зертеушілердің пікірінше «талас» сөзі «теңіз» деген сөзді білдіреді.
Қорыта келгенде топонимика өте күрделі ғылымдар саласына жатады және болашақта зерттеуді қажет етеді. ….