Берік Уәли жаңа қызметке сайланды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жаңа қызметке сайланды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек— Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «ҚР президентінің телерадиокешені» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ptrk.kz сайты.
Берік Уәли туралы не білеміз
Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында «Кинотанушы» мамандығы бойынша оқыды. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – журналист. Сондай-ақ, гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Түрлі жылдары «НТК», «Таң» телеарналарында тілші, жауапты, бас редактор қызметтерін атқарды. Qazaqstan арнасында тележүргізушісі, «Нұр Медиа» сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. Берік Уәли Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың наурыз айында Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
sputniknews.kz