Реферат: Психология | Ерік жөнінде түсінік
ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзің меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін, адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік — саналы әрекеттен туындайды. Мысалы, адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл (жатқанда козғалу, дене мүшелерінің қимылдауы т. б.) еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;
ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді женуі;
б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.
в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайраты бар кісі деп айтуға болады
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыппауына тәуелді мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соңғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттан өмірден де қадірлі болуынан, адам ол үшін жан пидалықка барады. Аяулы ару бауырларымыз Мәншүк пен Әлияны еске түсіріміз.
Ерік теориялары
Еріктік әрекеттер табиғаттың түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (П Л. Тульчинский). Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнвна «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық-әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалы қорытындыларда туындайды. Ал өзінің «Нигомахов этикасы» еңбегінде: «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «Бұл алманы жеу керек’ деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді» — деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш. Н. Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындалаған деумен еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тарысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис — жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтан, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер туріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсатгар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Осы күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін) танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады-мыс.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі — сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы хәне ол дүниеиен тілдесетін бақсы- балгер (шаман), от пен металды бағындырған –терімші өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы – қанішер т.б
Мүмкін, ерік түсінігінің жааа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасынан бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті қателер жіберуте де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан бөлшумен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе — ерік бостандығы..
Ерік бостандығын бір жақты асыра діріптеу нәтижесінде экзистевциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенциализм (М. Хайдегтер, К Ясиерс, Ж. П. Сартр, А. Камю т.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі-қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қымм-қиғаш оқиғалар» жиынығы да, адамның өзі — «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауалкершілігі жоқ.. Осыдан да ол адамтершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кекен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жайылу, басыбайлықка түсу көзі Ж. П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік — бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберінен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз, «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларын дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігнен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездойсоқ жауыздық ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-ақ түсірді.
Қылық иесі-адам қалыптасқан тағылым-талапарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойыңдағысы келмесе, онда оның бұл әрекеті екінші бір қыр-сырларын танылып болмаған қажеттілікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жят деп есептейтін пароқорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәденитттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоңамға ерсі болып көрінген қылықтардың өқздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап , ережелері мақтан, тұтаты қырлары мен ғұрыптары баршылық.
Осыған байланысты түсініктеме берген И.П.Павлов ерікті адам белскенділігіне ойлау болатын кедергілерді жеңуде көрінген әрекетшеңдік -«еркіндік инстикті» деп қарастырды. «Еркіндік инстинкті ерік аштық пен қаіп қатерден мәнділеу. Егер осы қасиет болмаса ,-деп жазды Павлов –жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді». Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес , өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны болуы да мүмкін.
З.Фрейд Э. Фромның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші еркше қуат» деген түсіік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша , адам қылықтарының көзі –психикалық формаларға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат , ЗФрейдше , санадан тыс , ақылдан алшақ «либидо» (махаббат! –жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылы,ын олсы тіршілік жалғастырушы яғни «либидоның «мәдениеттеестірілген» алғашқы көрінісі деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге ұмтылысыыңс белгісі екенін түсіндіріп бақты.
З.Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлуметтік қатерге айналып , ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттерге ұштасуы мүмкін.
Шынында келгенде , психоанализ бағыты өкілдерінің қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін адам әрекеттерінің көзі –қажеттіліктердің мәнді бірақ тұтастай емес , бір тарапын ғана дәріптуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес , «адамның өз тіршілігін сақтау» мен «тұтастығын қолдауы» қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас келуінен туындайды. Еріктік себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп , көндіруді білмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай , өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы –табиғат пен қоғамның жалпыланғңан заңдылықтарын терістеу емес , керісінше адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі. ….
Полную версию материала можете скачать через секунд !!!