Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын ашты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстан президенті ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын ашты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Кез келген маңызды бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиіс. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біз елімізді жаңғыртуымыз қажет. Баршаңызға белсенді азаматтық ұстаным мен ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Әрқайсысыңызды өз ісінің білікті маманы деп есептеймін. Ұлттық кеңеске мүше болып отырған өздеріңіздей азаматтардың жұмысы табысты болады деп сенемін. Кез келген маңызды бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуына тиіс», — деді Тоқаев ұлттық кеңестің отырысын ашып.

Президенттің айтуынша, кеңестің қызметінде пікір алуандылығы қамтамасыз етілген. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі әлеуметтік-кәсіби топтар кірген, сондай-ақ экономикалық, саяси позициялардың кең спектрі қамтылған.

«Екіншіден, қоғамдық диалогтың институционалдығы қамтылған. Бірлескен жұмыс үшін барлық жағдай жасалды. Үшіншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған жаңғыру үдерісін бір ел, бір халық болып жалғастыру қажет. Бүгін дәл осындай жаңа форматта кездесіп отырғанымыз біздің оң өзгерістерге мүдделі екенімізді көрсетеді», — деді ол.

Тоқаев қазақстандықтар биліктен нақты ұсыныстар мен нәтижелер күтіп отырғанын атап өтті.

«Ұлттық кеңес осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды. Отандастарымыз ел болашағына бей-жай қарамайтын болды. Ашық түрде өз пікірлерін айта бастады», — деді президент.



sputniknews.kz