Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады деп жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.
«Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді», — деп жазды Facebook-тегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады деп жоспарланып отыр.
sputniknews.kz