Сүлейменов Елбасының туысы болып кеткен жазушының жағдайы туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қоғам қайраткері қаламгерлерінің I форумында отандық жазушылардың проблемасын көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Азия елдері қаламгерлерінің I форумында қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов отандық жазушылардың проблемасын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Менің жақсы бір досым бар. Ол – Сәбит Досанов, мықты жазушы. Бір рет ол кітап жазып шықты. Сосын қолжабасын алып, барлық демеушілерді аралап шықты. Бірақ қолдау таппады. Артынан маған келді. Менің иелігімде кен орындары болмаса да, өз кітабыма сақтап отырған ақшамды Сәбитке бердім. Сөйтіп, оның кітабын шығарып бердім», -дейді Сүлейменов.

Оның айуынша, баспа үйі ол кітаптың барлық даналарын автордың өзіне тапсырып, өзіңіз таратасыз деген. Сәбит Досонов бірнеше данасын туған-туыстарына, бірнеше данасын достарына сатты. Бірақ ары қарай тарата алмады. Сөйтіп, қайтадан Олжас Сүлейменовке барды.

«Мен бірнеше таныс қала мен облыс басшыларымен хабарластым. Олар Сәбиттің шығармасын өз кітапханаларына алды. Ақыры бәрін таратып жібердік. Негізі, жақсы кітап. Сосын Сәбиттің жағдайы түзелді. Оның жиені сәтті үйленіп кетті…Сөйтіп, Сәбит…Елбасының туысы болып шықты. Қазір оның кітаптары тез таралады. Ол бұрынғыдай көмек сұрамайды. Күнде шығарма жазады. Міне, өте сәтті мысал. Ал қалған жазушылар одағының қалған 700 мүшесі не істейді? Жас ақын-жазушыларға да оңай емес», — деді Сүлейменов.

Тағы оқыңыз: «Бұл менің қателігім». Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады

Айта кетейік, Димаш Досанов — Әлия Назарбаеваның жолдасы. Жасы – 38-де. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласының Медеу аудандық әкімдікте бастаған. Екі жылдан кейін индустрия және сауда министрлігіне ауысты.

Одан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясында еңбек етті. 2010 жылдан бастап NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясында қызмет көрсету бойынша бас менеджер болды. Ал төрт жылдан кейін «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды. 2016 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ басқармасына мүше болып сайланды. Сол жылы бас директор – басқарма төрағасы қызметіне келді. 2017 жылдан бері Ұлттық баскетбол федерациясын басқарады.



sputniknews.kz