«Ешкім қолдау білдірмеді»: Назарбаев ЕАЭО-ны қалай құрғанын айтты — новости Казахстана

0

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ВГТРК-ге берген сұхбаты аясында ЕАЭО-ның құрылу тарихы жайлы сөз қозғады деп жазады «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Телеарна көпшілікке Елбасының сұхбатынан үзінді көрсетті. Президентпен әңгімелескен Андрей Кондрашев Назарбаевтың бұрынғы кеңес одағынан шығып, «интеграция» сөзін айтқан алғашқы саясаткер екенін жеткізді.

«Кеңес одағы ыдырап кеткен соң, білуімше сіз «интеграция» сөзін қолданған бірінші саясаткерсіз. Бүгінгі күні біз толық интеграциялық білімге ЕАЭО-ға иеміз» , — деді ол.

Назарбаев Беловеждегі тарихи оқиғадан кейін барлығы Алматыда бас қосып, нәтижесінде ТМД құрылғанын ашып айтты.

«ТМД президенттердің бас қосатын жеріне айналды. Байланысты үзбедік, ол жағы жақсы. Алайда, ол қажетті мәселелерді шешкен жоқ. Мен Еуропа одағындағыдай жасағым келді. Олар мақсаттарын іске асыра алды. Неге біздің қолдан түк келмеу керек?» , — деді президент.

Елбасы дәл сол уақытта қолда бар артықшылықты жоғалтпау керектігін айтқанымен, түк шықпағанын жеткізді. 1994 жылы Назарбаев ЕАЭО жобасын ұсынса да, ешкім қолдау білдірмеген.

«Біраз уақыт өтті. Путин келді. Мен бұл мәселені қайта көтере бастадым. Нәтижесінде асқан түсіністікке ие болдым. Ресей, Қазақстан мен Беларусьтің экономикалары бір-біріне жақын. Осы үш мемлекет жұмыс істеуді бастадық. Қалғаны оларға қолайлы боларын білген сәтте қосылып жатар» , — деді Назарбаев ЕАЭО-ны құру жөнінде.

Оған қоса, президент ЕАЭО-дағы жұмысын қалай бастағаны мен бұл бірігуден қандай үміт күткені жайлы сыр ақтарды.