қайын апасына смс жіберген тұрғын жауапқа тартылды
Оқиға Атырау облысындағы Жылыой ауданында болған
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы Жылыой аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды жергілікті «Мой город» порталы.
Ол телефон арқылы қайын апасына намысы мен ар-ожданына тиетін ауыр сөздер жазған. Бұл сот отырысында белгілі болды.
Хабарлама жіберген тұрғын сот процесі барысында кінәсін мойындағанына қарамастан, судья жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
Тағы оқыңыз: Енесін пышақтап өлтірген ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Қайын апасына хабарлама жіберген әйел ҚР әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағы («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылып, 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.
sputniknews.kz