Той қарсаңында қалыңдығынан айырылған жігіт жерлеу рәсімінде жұрттың жағасын ұстатты
Қысқа сілтеме алу
Қайғыдан қан жұтқан жігіттің әрекеті жерлеу рәсіміне жиналғандарды жылатты
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Вьетнамдық Данг Тхиен Ан сүйіктісінен көз жазып қалса да, той жасады, деп жазды AsiaOne басылымы.
Данг қалыңдығымен Хошиминдегі технология университетінде танысып, бірін-бірі ұнатып қалған. Соңғы екі жылда ғашықтар Жапонияда тұрып, жұмыс істепті. Бойжеткен тойға дайындалу үшін Вьетнамға оралады. Екі жастың үйлену тойы қыркүйек айының соңына жоспарланыпты.
Алайда жантүршігерлік трагедия орын алды. Жапонияда қалған Данг Facebook желісінде тікелей эфирден Вьетнамдағы жол апатын көрген. Ол апат болған жерде сүйіктісінің ата-анасы жүргенін байқап қалады. Вьетнамдық жігіт бірден хабарласып, болашақ жарының жол апатынан қаза болғанын естіпті.
Тағы оқыңыз: Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды — фото
Қайғыдан қан жұтқан жігіт отанына оралып, қалыңдығының жерлеу рәсімінде той жасайды. Данг үйлену тойында айтамын деген әнін орындап, қолына неке жүзігін таққан. Ал екінші жүзікті сүйіктісінің суретінің жанына қойған.
«Сен үшін талай нәрсе жағасым келіп еді, алайда қолымнан келгені осы болды. Біреу маған сені аспанға алып кетуге маңызды себеп болғанын айтты. Бірақ бұл мені күтпей-ақ қоюыңа болады деген сөз емес. Тойымызға 32 күн қалды…», — деді жігіт.
sputniknews.kz