2019: Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент жақын арада азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», — деді Тоқаев жолдауында.

Ол тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпау қажет деді.

«Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын. Сондықтан жақын арада азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек», — деді президент.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс — Тоқаевтың тапсырмасы

Мемлекет басшысы әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

«Осыған орай саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз керек. Біздің ұстанымымыз ел бірлігі – оның әралуандылығында», — деп түйіндеді Тоқаев.



sputniknews.kz