Әлия Назарбаева оқушы кезін еске алды
Қысқа сілтеме алу
Назарбаева қазір әкесімен жиі көрісіп тұратынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева оқушы кезін еске алды.
«Әлі есімде, көңіліміз толқыған еді…Анам қызым өсті деп көзіне жас алып шығарып салды. Ең жарқын естеліктер. Әкем әдеттегідей жұмыста болатын. Бірақ ол мені кешке қарай үйге келген кезде құттықтады», — деді Назарбаева Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтанда Абай атындағы мектеп-гимназияның ашылу салтанатында.
Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы мектеп қабырғасында өткен жылдарын сағынатынын жасырмады.
«Қазір менің төрт балам бар. Оларды мектепке шығарып салғанда, өзім де дәл сондай сезімде боламын», — деп ағынан жарылды ол.
Елбасының қызы әкесінің президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де көп жұмыс істейтінін атап өтті.
«Бірақ біз қазір жиі көрісіп тұрамыз», — деді Назарбаева.
Тағы оқыңыз: Назарбаевтың кенже қызы Абай атындағы мектепке сый жасады – фото
Айта кетсек, елордада Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясы ашылды. Әлия Назарбаеваның қоры мектепке «Виртуалды ғылыми зертхана» кабинетін сыйға тартты. STEM-академиясы ғылыми зерттеулер директоры Мағжан Қыстаубаевтың айтуынша, балалар үшін Америкадан он ноутбук сатып әкелінген. Әрбіреуінің құны – 1,5 миллион теңге.
Мектептің ашылу салтанатына үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты.
sputniknews.kz