Абаев Назарбаев айтқан «екі сиырға» араша түсті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ақпарат министрінің айтуынша, Елбасының «екі сиыр» туралы сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да түсінуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атышулы «екі сиыр» туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді.

Министр өз ойын «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында айтқан.

Ол осы сөзге бола халықтың неге шулап кеткенін түсінбейді екен.

«Елбасы «Без труда не выловишь и рыбку из пруда» (Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей) деген мақалды айтса, әлеуметтік желілерде қармақ пен құрттың суреті қаптап кетер ме еді? Айтпаса да түсінікті ғой, сиыр ақпаратты жеңіл түсіну үшін мысал ретінде қолданылған. Кейбіреу үшін «екі сиыр» – үй іргесіндегі телім, кейбіреу үшін – көлік жуу орталығы, жол шетіндегі дәмхана, тігін тігу, азық-түлік дүкені», — деп түсіндірді Абаев.

Ол «екі сиырдан түк пайда жоқ» дейтіндерге тұңғыш президенттің өзі де ауылдан шыққанын еске салды.

«Соғыстан кейінгі қиын-қыстау заманда жастайынан ата-анасының шаруашылығына қолғабыс еткен. Сиырдың не екенін, қанша сүт беретінін оған айтудың қажеті жоқ», — деді шенеунік.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Назарбаев айтқан екі сиырға қатысты сұраққа жауап берді

«Негізінде, Елбасы, әлбетте, барлық азаматты өз күшіне сенуге шақырды. Қол қусырып отырып, «шенеуніктер жаман, мемлекет жаман» деп ақталу әрқашан оңай. Жауапкершілікті өз мойныңа алып, жұмыс істеу қиынырақ… Елбасы адамдарды өз кәсібін ашып, жұмыс істеуге шақырды», — деп сөзін түйіндеді Дәурен Абаев.

Nur Otan партиясының саяси кеңесі отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылда тұратын көпбалалы отбасы екі сиыр сатып алып, өз күнін өзі көре алады деген еді. Елбасының бұл ойы қоғамдық резонанс туғызды.



sputniknews.kz