29 тамызда қандай іс-шаралар өтеді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысы

0

29 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – ALTYN OIMAQ республикалық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі мен республикалық форумы өтеді. Шараны «Атамекен» ҰКП және Азия даму банкінің қолдауымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырады. Форумға мемлекеттік органның, отандық кәсіпорындардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысады («Көрме» орталығы, Байланыс телефондары: +7 (7172) 91 93 88, 919 300 (ішкі телефон: 2200, 1837).

10.00 – «Қылмыстық-атқару жүйесі қызметін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Шара «Ашық диалог – пенитенциарлық жүйені реформалаудың құралы» форумының қорытындысы аясында ҚР ішкі істер министрінің төрағалығымен өтеді. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органның, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және өзгеде облыстар бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің басшылары қатысады (Hilton Garden Inn Astana қонақүйі, Қабанбай батыр көшесі, 15, байланыс телефондары +7 (7172) 72 30 37, +7 (776) 194 06 66).

10.00 – Конституция күніне орай мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Шара аясында түрлі спорттық шаралар және жәрмеңке өтеді, «Артурион» фитнес-клубының спортшылары өнер көрсетеді («Жерұйық» саябағы, Бауыржан Момышұлы даңғылы. Байланыс телефоны: + 7 (776) 266 47 37).

11.00 – ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» жарлығын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Шараның спикерлері – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Инкар Төреходжаева. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына ҚР білім және ғылым, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ҚР әділет министрліктерінің өкілдері, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ басқарма төрағасы Айдос Беков қатысады. (Үкімет үйі, Аккредитация +7 (7172) 74 58 64 телефоны және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – Ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді. Шараны ҚР сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанның тұңғыш президент қоры ұйымдастырады. Сыйлық саяси және қоғамдық көшбасшыларға ядролық қарусыз әлем және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін беріледі. Назарбаев сыйлығы екі жылда бір рет беріледі. Марапаттау рәсімі 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні және Семей ядролық полигоны жабылған күніне орайластырылған.

15.00 – Конституция күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ұжымы дайындаған салтанатты концерт өтеді. Онда ерлігімен көзге түскен тәртіп сақшыларына мемлекет наградалар тапсыралады. Шараға ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, құзырлы органдарда еңбек еткен құрметті ардагерлер қатысады (ҚР ІІМ клубы, Тәуелсіздік даңғылы, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 71 52 08, +7 (7172) 72 22 85).

17.00 — Динара Сәтжанның «Жеке бренд» тақырыбындағы ашық дәрісі. (Назарбаев университеті, Green Hall, Блок C2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 66 43).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

08.30 — Қазақстанның қой өсірушілерінің II съезі. Ғылыми конференцияда саланы дамыту, жаңа салалық қауымдастық құру, өнідіріске тың технологияларды енгізу мәселесі талқыланады. (Мәдениет үйі, Мыңбаев ауылы, Жамбыл ауданы (Алматыдан 40 шақырым. Байланыс телефондары: +7 (727) 303 65 60, +7 777 221 90 51).

30 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

13.00 — Шахмат пен джаз фестивалі. Джаз жұлдызы Нино Катамадзе мен ZOLOTO өнер көрсетеді. Дәрістер, паблик-толк, гастрономиялық жобалар, шахмат турнирі болады. Гроссмейстер Жансая Әбдумәлік қатысады (Esentai Square, әл-Фараби даңғылы, 77/8)

18.00 — Happy End Хип-хоп-фестивалі өтеді. Хэдлайнерлер – ресейлік Pharaoh, Хаски және ATL музыканттары. Қазақстандық Hiro, Tolebi және «Масло черного тмина» әншілер мен топтар да болады. (Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Горький көшесі, 1).

20.00 — «Горное Эхо» авторлық ән фестивалі («ТАУ-САМАЛ», Горный садовод елді мекені. Байланыс телефондары: +7 (727) 373 56 94, +7 701 725 87 00, +7 747 725 87 00).

21.00 — Музей түні (Қастеев атындағы музей, Сатпаев көшесі, 50а).

31 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – «АҚША ҚАЙДА?» тақырыбында инвестиция және пассивті кіріс форумы өтеді. Altergate инвестициялық холдингінің негізін қалаушы Евгений Галиахметов, қаржыгер, кәсіпкер және инвестор Кирилл Гусев және тағы басқа беделді кәсіпкерлер, инвесторлар қатысады (Rixos қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

1 қыркүйекке жоспарланған шаралар

Қазақстан мектептерінде Білім күніне орай мерекелік жиын өтеді

2 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – ҚР парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау арнайды (Мәңгілік ел даңғылы 2, байланыс телефоны +7 (7172) 74 68 44).

4 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – II халықаралық мамандандырылған «Дентал ЭКСПО Астана 2019» көрмесі өтеді («Көрме» орталығы, Достық көшесі 3, байланыс телефондары +7 (705) 155 32 63).

16.00 – «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» атты тарихи құжат көрмесі салтанатты түрде ашылады. Шараны Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырады. Көрмеде сұрапыл соғыс туралы құнды тарихи құжаттар қойылады (ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы 2, Аккредитация rfekz@mid.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді («Атакент» орталығы, Тимирязев көшесі, 42).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz