Өлең: Мұқағали Мақатаев (Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды) на казахском языке

Біздер жүрміз дер кезінде туылып,
Суға түсіп, отқа өртеніп, жылынып,
Жетімдердің ұясына тығылып,
Жесірлердің көз жасына жуынып,
Әйтсе дағы, дер кезінде туылып!
Біздер мына дәуірменен бірге өстік,
Қарап соның қабағына, күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Адамзатты қорғай жүріп, қаң бастық,
Адамзаттың азғынымен арбастық.
Аласаиран арпалыстан аман қап,
Адамзаттың өмірімен жалғастық.
Бұл дәуірдің бетін біздер ашқанбыз,
Болашаққа солай қадам басқанбыз.
…Біздер — әлі жан баспаған асқармыз,
Біздер — әлі жазылмаған дастанбыз.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,
Тарихы оның біздерменен ашылды.
Біздің мына қолтаңбамыз басулы.
Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!