Танымал ресейлік жүргізуші Димашты әлемнің жаңа секс-символы деп атады

0

«Новая волна» конкурсының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген екі ән орындады

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Димаш Құдайберген Сочиде «Новая волна» жас таланттар конкурсын «Olympic» әнімен ашты.

Димаш Игорь Крутой жазған әнді композитордың сүйемелдеуімен орындады. Сондай-ақ Игорь Крутой академиясының хоры, Сочи симфониялық оркестрі және Сочи қаласының жастар хоры қолдау көрсетті.

«Димаш Құдайберген – Ресей, Қытай және әлем эстрадасының жаңа секс-символы», — деп таныстырды Димашты ән орындалып болған соң конкурстың жүргізушісі Андрей Малахов.

Конкурстың ашылу салтанатында Димаш Құдайберген тағы бір шығарма – «Mademoiselle Hyde» әнін шырқады.

«Бүгін Сочидегі бүкіл гүл Димаш үшін сатып алынған секілді», — деді жүргізуші гүлдің астында қалған Димашқа қошемет білдіріп.

Айта кетейік, «Новая волна» жас таланттар халықаралық конкурсы Сочи қаласында 24-29 тамыз аралығында өтеді. Димаш Құдайберген конкурс аясында өтетін Игорь Крутойдың мерейтойлық кешінде және байқаудың жабылу салтанатында өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Конкурста әлемнің 13 елінен келген жас әншілер сынға түседі.



sputniknews.kz