Барушы болма, әйтпесе түтіп жейді: Назарбаев ашулы кеншілерге не айтты
Қысқа сілтеме алу
Назарбаевтың шахтерлердің алдында сөйлеген кезі түсірілген тарихи видео жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып тұрған кезде Қарағандыда бас көтерген кеншілермен сөйлесіп тұрған видеосы жарияланды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың шахтерлермен келіссөздер жүргізген сәті түсірілген видеороликті Елбасының ресми Instagram-аккаунты жариялады.
«Мен Қарағандыға шахтерлерге келген кезде, олар орталық алаңда жиналып тұрды. Бастарында каска, беттері графитадан қап-қара, жер астынан шығып келген. Маған «барушы болма, әйтпесе түтіп жейді» дегендер табылды. Мен «түтіп жесін» дедім. Алдарына шығуға қорқатын жетекшінің оларға керегі қанша дедім. Несіне қорқамыз? Халықтың алдына шығып, олармен сөйлесіп, түсіндіру керек. Олар біздің адамдар ғой, олар өз сұрақтарына жауап естігісі келеді», — деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері жазылған видеоның астында.
Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кеншілерді кәсіби мерекемен құттықтады Ол бұл мамандықтың қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап ететінін айтып, оларға мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларына бақ-береке тіледі.
sputniknews.kz