Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген ер адам әйел зорлады
Сотталушы әйелді өз үйінде зорлап тастаған
КӨКШЕТАУ, 23 тамыз — Sputnik. Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан 30 жастағы ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, ол әйел зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция ЕЦ 166/24 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Зорлау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлімі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 1989 жылы туған күдікті қазіргі уақытта қамауда отыр», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары қосымша ақпарат беруден бас тартты.
«Басқа мәлімет ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деді баспасөз қызметіндегілер.
Ал ресми емес ақпарат бойынша қылмыс зардап шеккен әйелдің үйінде болған. Келіншек жиһаз сатып жатқаны жөнінде хабарландыру береді. Тауарды көрмек болып келген сотталушы әйелді зорлап тастаған.
Тағы оқыңыз: Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады
sputniknews.kz