Қытай жігітінің ерекше қабілеті дүйім жұрттың жағасын ұстатты

0

Қытайдың Хунань провинциясында тұратын 17 жастағы Ван Вэйтянь көше гимнастикасы – воркаутпен айналысады. Турникте неше түрлі трюк жасайтын ол желі жұлдызына айналды

Оның шеберлігін көріп, өз көзіңе өзің сенбейсің. Бозбала турниктен ұстап, әуеде «жүргендей» кейіп танытады.

Бұл қабілетін үш жыл бойы күнделікті жаттығудың арқасында шыңдапты. Ерік-жігерінің арқасында Ван қазір тартылыс күшін «сезбейді». 

Бір қарағанда оп-оңай көрінгенімен, негізінде бұл – өте қиын трюк. Жора-жолдастары оған ілесіп, қайталауға тырысады, алайда ешқайсысының шамасы жетпейді.

Тағы оқыңыз: Мың бұрала сексуалды би билеген әжей жұрттың жағасын ұстатты — видео

Воркаут  — әуесқой спорт түрі, дене шынықтыруға жататын көше гимнастикасы, кейде оны спорттық субмәдениет деп те атайды. Оған көшедегі спорт алаңқайларында орындалатын түрлі жаттығулар кіреді. Бұл жаттығуларды жасағанда адам өз дене салмағын пайдаланады.



sputniknews.kz