12 жасар қызды анасының көңілдесі зорлап тастады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Келіншек туған-туыстарынан ұялып, полицияға шағым түсірмей жүрген

АЛМАТЫ, 21 тамыз — Sputnik. Алматыда қарт кісі 12 жасар қызды зорлап тастады. Қылмыс жасады деген күдікті қыз баланың анасының көңілдесі болған, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Сол күні келіншек 60 жастағы көңілдесінен ақша сұрайды, ал қаражатты алып келуге қызын жұмсаған екен. Қыз көлік жуатын жерге барса, ер адам оны көлікке отырғызып, көзәйнек кигізіп, үстіне мата жапқан.

«Ол «дыбысыңды шығарма» деді де, қонақүйге алып барып, зорлады. Қатты ауырды. Біреуге айтсам, «анаңды немесе әжеңді өлтіремін» деп қорқытты», — дейді жасөспірім қыз.

Қыз бала болған жайтты анасына бірден айтпаған. Ал қызының зорланғанын естіген келіншек полицияға арыз беруге асықпапты – туыстарынан ұялған көрінеді.

Тағы оқыңыз: Батыс Қазақстан облысы тұрғыны 13 жасар баланы зорлап тастады

«Ол кісімен төрт жылдан бері көңіл қосқан едім. Қаржылай көмектесіп жүрді. Қызымды зорлағанын жоққа шығарды. Мен қызымды гинекологқа апармай, зорланғанын жасырдым. Полицияға арыз жазуға әпкем көндірді», — дейді қыздың анасы.

Sputnik Қазақстан тілшісі осы оқиға бойынша Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқан.

«Қыздың анасы 19 тамызда полицияға шағым түсірді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Осы қылмыстық іс бойынша бірқатар алдын ала тергеу шарасы жүргізілді, сот-медициналық сараптама тағайындалған», — деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлімі 1-тармағы «Зорлау» бойынша жүргізілсе, күдікті 12 жылдан он жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасына кесілуі мүмкін.



sputniknews.kz