Мүлкі тәркіленген фермер асылып өлді

0

33 жастағы фермер Санжар Баратовтың денесі 7 қарашада кешкісін ауласындағы мал қорада асылған күйі табылған, — деп хабарлайды Сentralasian.org.

«Туыстары оны достарының үйіне қонаққа кетті деп ойлаған. Қазір бұл істі тергеумен аудандық прокуратура айналысып жатыр», – деді милиция қызметкері.

Марқұмның әкесі, 58 жастағы Рабим Баратов қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын мәжбүрлеп орындау бюросы қызметкерлері үйге келіп, бар мүлікті тәркілеп кеткенін айтады.

«Сол күні үйде тек менің әйелім болды. Мен үйде болмадым. Ұлым Санжар алқапта жұмыс істеп жүрген. Келінім мақта теруге кеткен. Сол күні МОБ өкілдері аяқ астынан келіп, мүлікті тәркілейміз деген. Сосын үйге баса-көктеп кіріп, кілемдерді шығарған. Үйдегі тракторды келесі күні келіп алып кетеміз деген», — дейді марқұмның әкесі.

Ол МОБ өкілдерінің заңсыз әрекеті ұлыма өлім құштырды дейді.

МОБ басшысының орынбасары Акмаль Назаров бюро қызметкерлерінің әрекеті заңды дейді.

«Біз сот шешімі бар. Оған сәйкес фермер банктен алған несиесін жабу керек. Біздің қызметкерлер Санжар Баратовтың үйінен былтырғы қарыздары үшін орындау қағазы бойынша мүлкін алып кетті», – деді ол.

Оның айтуынша, былтыр Санжар Баратов банкке 57 миллион сум (6 мың 900 доллар), ал биыл 83 миллион сум (10 мың доллар) қарыз болған.

Рабим Баратовтың сөздерінше, былтырғы астықты өрмек кене жойып жіберген. Ал биыл құрттар пайда болып, егінге зиянын келтірген, сол үшін ұлым несиені дер кезінде өтей алмады дейді.