Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен парламентке тапсырма берді
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы бұқара халық спортпен айналысуы қажеттігін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Еліміздің барлық азаматын Спорт күнімен құттықтаймын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын! Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! Үкімет пен парламент спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуі тиіс!»- деп жазды президент Twitter парақшасында.
Еліміздің барлық азаматтарын Спорт күнімен құттықтаймын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын! Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! Үкімет пен Парламент спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуі тиіс! pic.twitter.com/65Yv9J1hMR
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 18, 2019
Қазақстанда Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Барлық өңірде спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарған. Мектепте оқып жүргенінде ол үстел теннисінен КСРО-ның спорт шеберіне кандидаты атанды. Бұл туралы президенттің сыныптасы Андрей Антоненко айтып берген болатын.
Тағы оқыңыз: «Келесі жолы жарысқа қатысамын»: спорт министрі жұртты таңғалдырды
Биыл мамыр айында әлеуметтік желіде жарияланған видеода мемлекет басшысы үстел теннисін қалай ойнайтынын көрсетті.
sputniknews.kz