Көркем әдебиетке қызықтыру арқылы баланың ақыл-ойын дамыту |

0

Баяндама: Көркем әдебиетке қызықтыру арқылы баланың ақыл-ойын дамыту казакша Баяндама: Көркем әдебиетке қызықтыру арқылы баланың ақыл-ойын дамыту на казахском языке

Ұстаз, шәкірт, мектеп – бір-бірінен ажыратуға болмайтын ұғымдар. Мектептің тыныс-тіршілігі ,рухани өмірі мұғалімнің өн бойында. Мұғалім өз қызметін шәкірттерімен бірлесе өз дәрежесінде атқарған жағдайда ғана мектеп болады.Өйткені мұғалім – мектептің негізін қалаушы тұлға. Мұғалімнің жетістігі — сапалы білім және саналы, жақсы тәрбие алған шәкіртінде.
«Рухани тоқырау ой тоқырауының салдары»,— дейді ғұламалар.
Сол ой,сана, сезім,түйсік дегендерді қалыптастыру жауапкершілігі тіл мамандарының еншісінде.Тіл, әдебиет пәндері сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау,еліктеу,әр түрлі психологиялық рең беретін ерекше пән. Сөз өнері жеке адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті. Сөз өнерінің осы қасиеті әрбір көркем шығарманы меңгерту, олардың стилін , поэтикалық тілін таныстыру, сөз орнын, оның көтеретін идеялық эстетикалық жүгін таныту арқылы емес, нақты, жанды шығармашылық қозғалыс үстінде ғана балаға сәулесін түсіреді.
Сөз өнері адамға ешкімге, еш нәрсеге тәуелді болмау үшін керек. Қандай ортада болса да , өзінің айтар ойы бар, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана еңбегіміз нәтижелі болмақ.
Мұғалім оқушыны қатал мінезімен емес, мейірім шуағымен, білімімен,әр түрлі әдіс-тәсілдермен, өзіндік шеберлігімен ғана баурап ала алады.
Баланың көңілі ақ, көкірегі таза, ойлау қабілеті жылдам.Осы кезеңде өзекті мәселе : оқушыларды сөз өнеріне баулу,үйрету, көркем әдебиетке қызықтыру, баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі қай кезеңде көбірек болмақ?
Психологтардың зерттеуі бойынша, баланың бойында әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.Cондықтан баланы балабақша жасындағы кезеңінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі, сатылы түрде шығармашылыққа баулып, қиял-фантазиясы, ақыл-ойын, икемділігін, тілін дамытып отыру қажет.
Жалпы, шығармашылыққа мүмкіндігі мол, тұрақты, белсенді айналысуға ең икемді жас деп біз орта буынды айтамыз.
Орта буынды жасөспірімдер:
— Ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске ғана бағыттайды;
— Өздерінің фантазиялық идеяларын шұғыл іс-жүзінде жүзеге асыруға құштар;
— Жан-дүниесі нәзік, лирик болып келді;
— Әңгіме, өлең, ертегі жазуға ерекше құштар, әрі қабілетті. Сабақ кезінде тіл дамыту, тіл ұстарту, көркем ойлау , дұрыс сөйлеу мәнері мен ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарының нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығын артып, шығармашылықпен жұмыс атқаруына, өз қабілетін байқауына мүмкіндік береді. Оқушыға жеке дәптер арнатып, шығармашылықпен жұмыстарын жаздырып отыруға болады.
Орта буын оқушыларына қысқа-қысқа шағын әңгімелер, ойын жағымды екені белгілі.
Иә, ойнамай бала өсер ме?
Оқушының сөздік қорын, тілін дамытуда проблемалық, ситуациялық сұрақтар беріп , ойландыра отырып ,оқушы ойын жетілдіруді үнемі басшылыққа алу қажет. Сабақ барысында «Ой жалғастыр», «Жалғасын тауып жаз», «Әріптерді толықтыр», «Тасушы», «Ойоралымдары», «Аяқталмаған сөйлем» тағы басқа ойындар қолдануда оқушы қызығушылығы мен ынтасын аңғаруға болады.Ойын элементтері оқушының пәнге деген қызығушы-лығын арттырып, ой-қиялының ұшқырлығын күшейтеді.
Оқушылардыңтілін, сөздік қорын дамытуға арналған ойын түрлері де өте көп.
1. Мысалы: «Диалог-ертегі» ойыны.Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып жаңа ертегі жазып шығарады.
Мұғалім былай бастайды: «Өте ерте заманда бір байдың ерке баласы болыпты». 1-оқушы: «Бір күні байдың ерке ұлы көгалда ойнап жүріп адасып кетіпті». 2-оқушы: «Қарны ашып, әбден шаршайды». 3-оқушы: «Адасып келе жатса алдынан бір ешкі шығыпты»,— ертегі осылай жалғаса береді. Мұғалім ертегіні қорытындылайды.
2. Мұғалім оқушыларға шағын әңгіме айту арқылы сұрақ қоюға да болады немесе оқушыға аяқтатуға да болады. Әңгіме мазмұны шағын, тартымды, түсінікті, жинақы,жүйелі, тіпті кейде юморға құрылған болса да болады. Мысалы: «Бөлменің есігі ашылды. Ішке қараса ,еденнің үстінде Артенян мен Артос өліп жатыр екен.Ал терезе ашық тұр.
Оқушыларға сұрақ: Бұған не себеп? Оқушылар өздерінің ойын түрліше айта бастайды. 1-оқушы: «Қатты жел тұрып терезе ашылып кеткен болар», 2-оқушы: «Мүмкін, құлап қалған шығар» . Мұғалім оқушылардың берген әр түрлі жауаптарына шектеу қоюға болмайды. Бала ойын толық айтуға, сөздік қорын жетілдіруге шағын әңгімелердің әсері мол.
Мұғалімнің жауабы: «Қатты дауыл тұрып, соның екпінінен терезе қатты ашылып, алдында тұрған аквариум еденге құлап, сынды. Ондағы екі балық өліп қалды». Оқушылар бұл жауапты естігенде таңданып, таңырқап, серпіліп қалады.
Мұғалім—оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол көркем шығарма-ны: оқиға, сюжет құру, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушының жан-дүнйесіне бойлай әсер ететіндей айта білсе, оқушылар да ерекше елтиді,өздеріне деген сенім қалыптасады. Баланың еркін билеп, сенім ұялату үшін: —Сенің қалыңнан бәрі келеді, сен өте қабілеттісің , тек жазуды қолға алсаң болғаны,-деп оқушыға дем беріп, оның кішкентай жетістіген мадақтау, көтермелеу, оған құрбыларының жағымды көзқарасын ояту, тіпті жоғары баға қою (3-ке оқитын балаға).
Мұғалім оқушының ата-анасынан да ,құрбысынан да жақын ең сенімді досы. Өйткені өзі жазған шығарманы кез-келген адамға көрсеткісі жоқ.


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!