Қытай тұрғыны концертке бару үшін тонналаған қоқысты қопарып шықты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оның әйелі байқаусызда билет салынған конвертті лақтырып жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Шанхай қаласының тұрғыны тайвань-америкалық әнші Уилбер Панның (Wilber Pan) концертіне пошта арқылы алынған билетті байқаусызда лақтырып жіберген. Оның күйеуі әншінің жанкүйері екен, ақыр соңында ол билетті табу үшін тонналаған қоқысты қопаруға мәжбүр болған, деп жазды AsiaOne.

Әйел конвертте қажетсіз түбіртек бар деп ойлап, оны шелектегі қоқысқа лақтыра салғанын мойындады. Оның ішінде күйеуінің көптен күткен билеті бар екенін келесі күні бір-ақ түсінген.

​Шанхайда қоқыс құрғақ, дымқыл және қайта өңделетін болып бөлінеді. Жинаудан алдын қалдықтар арнайы контейнерлерде екі-үш күн сақталады. Қоқыс тазалаушылардың көмегімен ер адам үш тонна құрғақ қоқысты қопарып, сүйікті әртісінің концертіне алған билетін тауып алды.

Әйелдің айтуынша, отбасы қоқысты сұрыптауды әдетке айналдырған екен, күйеуі соның арқасында конвертті тез тауып алған.    



sputniknews.kz