Путин ШЫҰ саммиті өтетін жерді өзгертті

0

2020 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС елдерінің саммиттері өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен БРИКС және ШЫҰ саммиттері өтетін жер өзгертілді. Маңызды шаралар бұрын Челябинск қаласында болады деп жоспарланса, енді Санкт-Петербург қаласында өтетін болды.

Бірақ осы саммиттерге орай өтетін басқа шаралар Челябинскіде ұйымдастырылады.

Екі саммит те 2020 жылы өтеді.

Келесі жылы Ресей ШЫҰ мен БРИКС-ке төрағалық жасамақ.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірқатар ұсыныс айтты

Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) 2001 жылы 14 тамызда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекет басшылары құрды. Қазір ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістан кіреді.

БРИКС (BRICS) — Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Респулбикасы елдерінің одағы.



sputniknews.kz