Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды «Камаз» қағып өлтірді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқыс жағдайдан екі адам оқиға орнында, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Батыс Еуропа – Батыс Қытай күре жолында қайғылы жағдай болды. Алматыға бет алған «Камаз» жол жиегіне тоқтап тұрған Газелді соғып, үш адам ажал құшты.
Жол бойында аялдаған техниканың маңында 4 адам тұрған. Екпінмен келген жүк көлігі бұларды Газелмен қоса қағып өткен. Сөйтіп екі машина жол жиегіне аударылған, деп хабарлады КТК.

Оқыс жағдайдан екі адам оқиға орнында, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Жарақат алған бір кісі емдеу мекемесінде жатыр. Ал, камаздың жүргізушісі дін аман.

Апатқа ұшыраған Газель жол зертхана мекемесіне тиесілі екені анықталды. Қазір Жамбыл облысында болған қайғылы жағдайдың жай-жапсары тексеріліп жатыр.



sputniknews.kz