Халықаралық армия ойындары: қазақстандық десантшылар сайысқа түсті
2019 жылғы Халықаралық армия ойындары аясындағы «Десант взводы» жарысының ақтық кезеңі Псков түбінде өткен эстафета болды. Бұл сайыста 21 команда бақ сынасқан
Десантшылар эстафетасы «Танк биатлонына» ұқсайды. Оқ ату кезеңдері мен нысанға дәл тигізе алмаған жағдайда берілетін айып шеңберлерінен тұрады. Бірақ биатлоннан бір ерекшелігі десантшылар винтовкамен емес, 30 миллиметрлік автомат зеңбіректер мен пулеметтерден атады.
Эстафета қорытындысы бойынша ресейлік команда жеңіске жетті. Барлық кезеңде де олар ең үздік нәтиже көрсеткен. Екінші орын – Беларусь командасында, ал үшінші орынды Қытай командасы иеленді. Төртінші орынға Иран командасы жайғасты.
Тағы оқыңыз: «Танк биатлонында» қазақстандықтар Қытай командасын басып озды
Қазақстандық десантшылар бесінші орын алса да, жеңілдік деп санамайды. Оның үстіне, бұл жолы жарысқа жастар қатысыпты.
«Ресей Федерациясы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырды. Біз де барымызды салып дайындалдық. Бірақ офицерлік команданы емес, қарапайым штаттық құрамды жасақтадық», — деді Қазақстанның Қарулы күштері подполковнигі Виталий Казанько.
sputniknews.kz