Алмазбек Атамбаевтың жақтастары екі айға қамалды
Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) мүшелері Кыяз Смайлов, Алга Кылычев және Амантур Жамгырчиев Бішкек қалалық полиция департаментінің тергеу изоляторында осы жылдың 8 қазанына дейін отырады.
Бішкек қаласының Первомайск аудандық соты оларды екі айға қамау туралы шешім шығарған. Үш азамат 7 тамызда Кой-Таш ауылына Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін барған «Альфа» тобының алты сарбазын кепілдікке алды деген күдікке ілінген.
Дәл осындай айыппен 8 қазанда ҚСДП төрағасының орынбасары Фарид Ниязов та екі айға қамалған.
Алга Кылычев өзін ҚСДП мүшесі әрі «Сакчы» халықтық қозғалысының жетекшісі ретінде таныстырып келген. Амантур Жамгырчиевті 2010 жылғы сәуір оқиғасы кезінде зардап шеккендерден құралған «Айкол Ала-Тоо» бірлестігінің жетекшісі ретінде атайды. Ал Кыяз Смайлов — Алмазбек Атамбаевты қорғау штабының жетекшісі.