Миллионнан аса тұрғын үйлерін тастап қашты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Табиғаттың тосын мінезінен 18 адам көз жұмды, тағы 14-і із-түссіз жоғалып кеткен

 

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қытай билігі елдің шығысына жеткен «Лекима» супертайфунына байланысты бір миллионнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Супертайфун жергілікті уақытпен 10 тамыз сағат 01:45-те Чжэцзян провинциясының Вэньлин қалалық уезінің жағалауына жетті. Желдің ең қатты екпіні секундына 52 метрге дейін барған.

Қытайдың метеорологиялық қызметі жұма күні таңертең дабылдың «қызыл» деңгейін жариялады.

Тағы оқыңыз: Қытайда қала ішіндегі жол ортасынан опырылып түсті – қорқынышты видео

Қазіргі таңда Чжэцзян провинциясында 700-ден аса адам эвакуацияланды. Провинцияда кеме қатынасы уақытша тоқтатылған, 288 әуе рейсі кейінге қалдырылды, пойыздар да қозғалысын тоқтатты. Жергілікті халыққа мыңға жуық құтқарушы көмектесіп жатыр, бұдан бөлек 150 өрт сөндіру көлігі мен 153 құтқару қайығы тартылды.

Бүгін таңертең Шанхайда 253 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қалада рельс көлігінің қозғалысы тоқтатылған.

«Лекима» жойқын тайфунынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті. Тағы он төрті із-түссіз жоғалғандар қатарында», — деп хабарлады Қытайдың орталық телеарнасы.

«Лекима» супертайфуны сағатына 15 шақырым жылдамдықпен елдің солтүстік-батысына ығысады деп болжануда.



sputniknews.kz