Елімізде сатылатын ірі мемлекеттік мекемелердің тізімі белгілі болды

0

Елімізде сатылатын ірі мемлекеттік мекемелердің тізімі белгілі болды казакша Елімізде сатылатын ірі мемлекеттік мекемелердің тізімі белгілі болды на казахском языке

Үкімет ұлттық холдингтерге қарасты 65 компанияны жеке меншікке бермек деп хабарлайды КТК арнасы.

Саудаға қойылған мекемелредің әрқайсының құны 5 миллиард теңгеден жоғары. Сауда-саттық аукцион арқылы және тікелей жүреді.

Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Бәйтерек» холдингі, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы», «Қазпошта», «Қазақтелеком», «Павлодар мұнай-химия зауыты», «ҚазАгро», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы», «Алматыметроқұрылыс», Астанадан бастап бірнеше әуежайлар, «Қазақфильм», футбол клубтары және Алматыдағы «Республика Сарайы» бар.

Осылайша үкімет шығы көп мемлекеттік мекемелерді 2020 жылға дейін жаппай сатып үлгеруі тиіс. Шенеуніктер бұл әрекеттерін қазына қаржысының тапшылығымен түсіндіріп отыр.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!