Қарағанды түбіндегі жол апаты: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды — Тосын жай

0

Қарағанды облысындағы тасжолда болған жол апатынан зардап шеккен тағы бір адам Қарағанды ауруханасында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

35 жастағы зардап шеккен ер адам №1 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

«1983 жылғы ер адам ауыр халде жеткізілген. Оның саны мен аяғы сынған және басқа да жарақаттар алған. Шок алған және артериялық қысымы төмендеген. Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын істеген. Алайда ол бүгін таңғы уақытта қайтыс болды», — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қарағанды түбінде жүк көлігі автобуспен соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы тоғыз адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Бұл оқиға, кеше, 21 қарашада таңғы сағат 8-де Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданында Қызылорда-Павлодар тасжолының 982-шақырымында болған.