Желіде Атамбаевтың тергеу абақтысында түсірілген фотосы жарияланды
Қырғызстанның бұрынғы президенті 26 тамызға дейін тергеу абақтысына қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде Алмазбек Атамбаевтың қылмыстық істі тергеу барысында түсірілген фотосы тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Алмазбек Атамбаев Первомай аудандық сотының шешімімен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі экс-президентке қылмыстық кодекстің 319-бабы «Жемқорлық» бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.
7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.
Тағы оқыңыз: Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?
8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды.
Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 98 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.
sputniknews.kz