Бір бөлмелі тазаланбаған пәтерден 10 көлік қоқыс шығарды
«Тазалык» қызметкерлеріне Бішкек тұрғынының пәтерін қоқыстан тазалау үшін екі күн еңбек етуге тура келді.
Жүк көлігі қоқысты он мәрте тасыған. Бішкек әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қарашада Боконбаев көшесіндегі көпқабатты үй тұрғыны көршінің пәтеріндегі труба жарылғанын хабарлаған. Оны жөндеу үшін құтқару бригадасы үйдің жылуын өшіре тұруға мәжбүр болған.
Бірақ ақауды жөндеуге көп күш салуға тура келген. Өйткені бір бөлмелі пәтердегі батареялар қоқыспен көміліп қалған. Бұл пәтерде тұратын әйел әлеуметтік көмектен бас тартып келген. Үйдің тұрғындары оның салақтығына 2015 жылдан бері арызданып келген, бірақ әйел үйді тазалауға уәде берсе де, оны осы уақытқа дейін орындамай келген.
Дереккөз: centralasian.org