адвокаты қанша мерзімге қамалғанын айтты
Қысқа сілтеме алу
Қырғызстанның бұрынғы президенті 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев Первомайский аудандық сотының шешімімен уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды, деп хабарлады экс-президенттің адвокаты Сергей Слесарев.
Атамбаев 8 тамызда арнайы операция кезінде ұсталған еді.
Заңгердің айтуынша, экс-президент Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 319-бабын (Жемқорлық) бұзды деген күдікке ілінгені туралы ІІМ хабар берген.
Тағы оқыңыз: Атамбаев ұсталар алдында қандай мәлімдеме жасады?
Әзірге ведомство ешқандай түсініктеме берген жоқ.
7 тамызда Қырғызстанның Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.
Ал 8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілерді күшпен тарқату басталды. Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 85 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.
sputniknews.kz