1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Білім министрлігі мәлімдеме жасады
Қысқа сілтеме алу
Жексенбіде Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылады, дегенмен сабақ болмайды
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды», — деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі.
«Білім туралы» заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады.
Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-і мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ке дейін өскен.
Жаңа оқу жылы тақап қалды: балаға қандай сөмке әперуге болмайды?
2018-2019 оқу жылында үш миллионнан астам оқушы Қазақстандағы 7024 мектептің табалдырығын аттады, олардың 350 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бұған дейін Sputnik Қазақстан 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап төртінші, тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшетінін хабарлаған еді. Атап айтқанда, оныншы сынып оқушылары «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқиды.
sputniknews.kz